ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Олимпиада-2026: Денис Никиша 7-орынға тұрақтады

Қазақстандық спортшы Денис Никиша Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарын жетінші орынмен аяқтады.

Ол шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықта B финалында жарыс жолына шықты. Қорытындысында отандасымыз 41.948 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге екінші болып жетіп, жалпы есепте 7-орын алды.

Бұл бәсекеде канадалық Стивен Дюбуа Олимпиада чемпионы атанды.

Айта кетейік, осы қашықтықта тағы бір қазақстандық Абзал Әжіғалиев ширек финалда жарысты аяқтаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button