ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Шорт-трек: Әжіғалиев пен Никиша Олимпиаданың 1/4 финалына шықты

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықтағы жарыс басталды.

Бұл сайыста Қазақстан атынан Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша өнер көрсетуде.

Іріктеу кезеңінен өту үшін спортшылар өз тобында алғашқы екі орынның бірін алуы немесе үшінші орын алғандар арасынан уақыт көрсеткіші бойынша үздік төрттікке енуі керек еді.

Әжіғалиев екінші топта қарсыластарының құлаған сәтін тиімді пайдаланып, мәреге бірінші болып жетті де, тікелей ширек финалға жолдама алды. Ал Никиша өз тобында үшінші нәтиже көрсеткенімен, уақыты жеткілікті болып, келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, ширек финал, жартылай финал және финалдық жарыстар 19 ақпанға қараған түні өтеді.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button