ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Шаңғымен тұғырдан секіру: Илья Мизерных Олимпиадада сегізінші орын алып, тарихи нәтиже көрсетті

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында шаңғымен биік тұғырдан секіру жарысы аяқталды.
Ақтық сынға Қазақстан атынан Илья Мизерных пен Данил Васильев қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Илья Мизерных 281,6 ұпай жинап, 8-орынға тұрақтады. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Олимпиададағы ең жоғары нәтиже. Данил Васильев 235,9 ұпаймен 27-орынды иеленді.
Алтын медальды словениялық Домен Превц (301,8 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде жапониялық Рэн Никайдоге (295,0 ұпай) бұйырса, қола медальды поляк спортшысы Кацпер Томащак (291,2 ұпай) иеленді.



