
Астанадағы ақпаратқа сәйкес, қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан (97 келі) Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Super 4 Wrestling халықаралық турнирінде топ жарды.
Финалда ол ресейлік Әлихан Кцоевты 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Бұған дейін қазақстандық балуан болгариялық Ахмед Батаевтан басым түскен еді.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан 2023 жылы әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ 2023, 2024 және 2025 жылдары Азия чемпионаттарында күміс жүлдеге ие болған.



