
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 6–8 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында өтетін Linz Grand Prix кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады. Аталған додада Қазақстан құрамасы да татамиге шығады.
Төменде ұлттық құраманың алдын ала құрамы берілген.
Ерлер
-
60 кг дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
-
66 кг дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
-
73 кг дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
-
81 кг дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
-
90 кг дейін: Айдар Арапов, Нұржан Бейсенов
-
100 кг дейін: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан
-
100 кг жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев
Әйелдер
-
48 кг дейін: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева
-
52 кг дейін: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
-
57 кг дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
-
63 кг дейін: Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова
-
70 кг дейін: Кристина Сотникова, Ажар Асхат
-
78 кг дейін: Шынар Абатова, Назерке Тілеуханова
-
78 кг жоғары: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова
Айта кетейік, жарыс басталғанға дейін тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін.



