ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Мәнерлеп сырғанау: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров жарысты бастады.

Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы жекелей сынның қысқа бағдарламасында өнер көрсетті. Төрешілер шешімі бойынша ол 92.94 ұпай жинап, аралық есепте 5-орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юма Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші сатыға франциялық Адам Сяо Хим Фа (102.55 ұпай) көтерілді.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button