ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Могул: Павел Колмаков 2026 жылғы Олимпиаданың финалына жолдама алды

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Павел Колмаков іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Финалдық кезеңге тікелей шығу үшін үздік он спортшының қатарына ену қажет болатын. Павел Колмаков іріктеу қорытындысы бойынша 9-орынға тұрақтап, финалға жолдама алды. Ал қалған қатысушылар екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 10 ақпанда әйелдер арасында фристайл-могулдан іріктеу жарысы өтеді. Сайыс Астана уақытымен 18:15-те басталады.

Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button