ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Екі қазақстандық дзюдошы Paris Grand Slam турнирінде қола жүлде иеленді

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Абылайхан Жұбаназар мен Нұрлыхан Шархан Францияның Париж қаласында өткен Grand Slam санатындағы турнирде қола медаль жеңіп алды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін өткен белдесуде австриялық Бернд Фашингті жеңді.

Ал 100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан нидерландтық Симеон Катаринаны тізе бүктіріп, жарысты жүлдемен аяқтады.

Осылайша Қазақстан құрамасы Париждегі Grand Slam турнирін үш қола медальмен түйіндеді. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан да қола жүлдегер атанған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button