ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында екінші алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бұл жолы жеңіс тұғырының ең биік сатысына Нора Джеруто көтерілді. Отандасымыз 3000 метрге жүгіру сайысында қарсыластарынан озып, чемпион атанды.
Джеруто мәреге 8:46.87 уақыт көрсеткішімен жетті. Күміс жүлдені жапониялық Нозоми Танака (8:48.22), ал қола медальді қытайлық Ло Ся (9:16.18) иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 1500 метр қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының алғашқы алтын медалін бессайыста Алина Чистякова жеңіп алған еді.



