БОКСТРЕНДТЕ

Испаниядағы Boxam Elite-2026 турнирінде 11 қазақстандық боксшы финалға шықты

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, 11 боксшыны финалға шығарды.

Ерлер арасында алтын жүлде үшін
Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Аман Қонысбеков (75 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг), сондай-ақ Нұрасыл Асылхан мен Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Әйелдер арасында финалға
Назерке Серік (65 кг), Умида Садықова және Панар Сейітханқызы (екеуі де 80 келіден жоғары) жолдама алды.

Сонымен қатар, Тимур Нұрсейітов (75 кг), Азамат Бектас (80 кг), Нұрбек Мұрсал (70 кг), Нұрзат Оңғаров (50 кг), Гүзал Садықова (80 кг) және Элянұр Тұрғанова (48 кг) турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button