ТЕННИСТРЕНДТЕ

Дэвис кубогы: Астанада Қазақстан – Монако матчының жеребесі тартылды

5 ақпанда Астана қаласында Дэвис кубогының ресми жеребесі өтті. 6–7 ақпан күндері Қазақстан құрамасы Монако командасын қабылдап, Бірінші әлемдік топтың плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

Бұл кезеңнің маңызы зор: жеңімпаз ұжым әлемдік элитадағы орнын сақтап қана қоймай, 2026 жылдың қыркүйегінде өтетін 2027 жылғы финалдық кезеңнің іріктеуіне жолдама үшін таласады.

Қазақстан құрамасының сапында:

  • Александр Бублик

  • Александр Шевченко

  • Тимофей Скатов

  • Бейбіт Жұқаев

  • Денис Евсеев

Регламентке сәйкес матчта бес кездесу (төрт жекелей және бір жұптық) ойнатылады. Жеребе нәтижесі мен ойын кестесі төмендегідей:

6 ақпан

  • Александр БубликЮго Нис

  • Александр ШевченкоВалантен Вашеро

7 ақпан

  • Бейбіт Жұқаев / Александр БубликРомен Арнеодо / Юго Нис

  • Александр БубликВалантен Вашеро

  • Александр ШевченкоЮго Нис

Айта кетейік, Қазақстан мен Монако құрамалары Дэвис кубогы тарихында алғаш рет кездеседі. Барлық ойындар Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының жабық корттарында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button