ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына екі қола медаль салды.

Жеке сын бойынша Богдан Вехов 1000 метр қашықтықта үздік үштікке еніп, қола жүлдені жеңіп алды. Ол мәреге үшінші болып жетіп, әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Командалық жарыста да қазақстандықтар тұғырдан көрінді. Әйелдер арасындағы эстафетада Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина үшінші орынға ие болып, қола медаль иеленді.

Сонымен қатар Полина Омельчук 1000 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші нәтиже көрсетті. Ол сондай-ақ 500 және 1500 метр қашықтықтарда екі мәрте В финалында бақ сынады.

В финалында қазақстандық спортшылардан Богдан Вехов (1500 м), Павел Цой мен Тамирлан Жолдас (500 м) өнер көрсетті. Бұған қоса, ерлер құрамасы эстафеталық жарысқа жолдама алып, команданың жалпы нәтижесіне өз үлесін қосты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын екі қола жүлдемен аяқтап, болашаққа сенім ұялатар нәтижеге қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button