
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Жақында Australian Open турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина рейтингте екі сатыға жоғарылап, әлемнің үшінші ракеткасы атанды. Бұл — отандық теннис тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Рейтинг көшін Беларусь өкілі Арина Соболенко бастап тұр. Екінші орынға Польша спортшысы Ига Швёнтек жайғасты.
Қазақстандық өзге теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары төмендегідей:
-
Юлия Путинцева — 70-орын
-
Зарина Диас — 282-орын
-
Жібек Құламбаева — 387-орын
-
Аружан Сағындықова — 779-орын
Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі серпілісі Қазақстан теннисінің халықаралық аренадағы беделін тағы бір мәрте айқын көрсетті.



