КҮРЕСТРЕНДТЕ

Жәмилә Бақбергенова халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстанның әйелдер күресінен ұлттық құрамасының көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова Ресейдің Красноярск қаласында өткен беделді халықаралық жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Отандасымыз дәстүрлі Иван Ярыгин кубогы турнирінде 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде айқын басымдық танытты. Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде Бақбергенова моңғолиялық балуан Болртунгалаг Зоригтты жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Аталған салмақта қола жүлделер Қырғызстан өкілі Нұрзат Нұртаева мен Ресей спортшысы Ксения Бураковаға бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл жарыста қазақстандық балуандар Лаура Алмағанбетова (55 келіге дейін) мен Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына жүлде салған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button