ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Қазақстан шорт-тректен әлем чемпионатында қола алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.
Отандастарымыз әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада жүлдегер атанды. А финалында Қазақстан құрамасының намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина қорғады.
Аталған сайыста алтын жүлдені Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алса, Қытай спортшылары күміс медальға ие болды. Қазақстан командасы үшінші орынмен мәреге жетіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін қанжығасына байлады.



