КҮРЕСТРЕНДТЕ

Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды

2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.
Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.
Данияр Қайсанов 2017 жылдан бастап Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. 2019 жылы ол әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар спортшының қоржынында Азия чемпионатының екі алтын медалі бар.
2020 жылғы Токио Олимпиадасында Қайсанов қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп, жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Еркін күрестен ұлттық құраманың алдағы оқу-жаттығу жиыны ақпан айының алғашқы жартысында Алматы облысында өтеді. Осы жиын барысында бапкерлер штабының толық құрамы ресми түрде таныстырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button