ТЕННИСТРЕНДТЕ

Заңғар Нұрланұлы Australian Open жасөспірімдер турнирінде тарихи нәтижеге қол жеткізді

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Австралия ашық біріншілігінің жасөспірімдер арасындағы турнирінде жартылай финалда жарысты аяқтады.

Жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшы АҚШ өкілі Китон Ханске 0:2 есебімен жол берді.

Нәтижеге қарамастан, Заңғар Нұрланұлы үшін бұл – өте жоғары әрі тарихи жетістік. Ол «Үлкен дулыға» санатындағы турнирде жартылай финалға дейін жетіп, қазақстандық теннистің жас буынының әлеуетін айқын көрсетті.

Бұл нәтиже жас спортшының халықаралық деңгейдегі болашағы зор екенін дәлелдейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button