
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирінің жасөспірімдер арасындағы жеке сында жартылай финалға жолдама алды. Бұл — отандық жас теннис үшін маңызды жетістік.
Ширек финалда Заңғар австралиялық Кай Томпсонды 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Жартылай финалда қазақстандық теннисшінің қарсыласы АҚШ өкілі Китон Ханс болады. Кездесу 31 қаңтар күні Астана уақытымен 05:00-де өтеді.
Айта кетейік, Australian Open — Үлкен дулыға санатындағы турнир. Жасөспірімдер арасындағы жартылай финалға шығу Заңғар Нұрланұлының халықаралық деңгейдегі әлеуетін көрсететін үлкен нәтиже саналады.



