БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстан ерлер құрамасы бокстан маусым алдындағы дайындығын Испанияда жалғастырады

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы жаңа маусымға дайындық аясында кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Түркістан облысындағы дайындықтан кейін ұлттық құрама Испанияның Бенидорм қаласына аттанды.

Испаниядағы оқу-жаттығу жиыны 2 ақпанға дейін жалғасады. Одан соң қазақстандық боксшылар 3–8 ақпан аралығында Ла-Нуссия қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысады.

Аталған дайындық кезеңі мен турнирге төмендегі спортшылар тіркелді:

50 келі: Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров
55 келі: Махмұд Сабырхан, Бексұлтан Боранбек
60 келі: Серік Теміржанов, Дәулет Молдашев
65 келі: Санатәлі Төлтаев
70 келі: Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мұрсал
75 келі: Тимур Нұрсейітов, Аман Қонысбеков
80 келі: Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас
85 келі: Нұрбек Оралбай
90 келі: Сағындық Тоғамбай, Оңталап Рахманов
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан

Бұл оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық жарыс Қазақстан құрамасы үшін маусым алдындағы маңызды сынақтардың бірі болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button