ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Конькимен жүгіруден Әлем кубогы: Надежда Морозова маусымды ТОП-5 нәтижемен аяқтады

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының маусымдағы соңғы кезеңі өтті. Бұл жарыс жалпы есептегі қорытынды орындарды анықтауда шешуші рөл атқарды.

Қазақстан құрамасы сапында ең жоғары нәтижені Надежда Морозова көрсетті. Ол 3000 метр қашықтықтың қорытындысы бойынша Әлем кубогының жалпы рейтингінде бесінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар 1500 метрде де тұрақты өнер көрсетіп, маусымды алтыншы орынмен аяқтады.

500 метр қашықтықта Кристина Силаева үздік ондықтағы орнын сақтап қалды. Ал осы дисциплинада Евгений Кошкин үшін маусым сәтсіз аяқталды. Инцелльдегі кезеңге дейін ол жалпы есепте жетінші орында тұрған болатын. Турнирдің алғашқы күнінде төртінші нәтиже көрсеткенімен, соңғы жарыс күнінде ереже бұзғаны үшін ұпай ала алмады. Соның салдарынан Кошкин рейтингте 11-орынға сырғыды.

Әйелдер арасындағы командалық із кесу сайысында Қазақстан құрамасы Әлем кубогының жалпы есебін сегізінші орынмен қорытындылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button