ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

2026 жылғы қысқы Олимпиадада Қазақстан туын кімдер алып шығады?

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Денис Никиша мен Аяулым Әмренова алып шығады.

Денис Никиша – шорт-тректен Қазақстан құрамасының жетекші спортшыларының бірі. Соңғы жылдары ол халықаралық ареналарда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Әсіресе 500 метр қашықтықта әлемдік көшбасшылармен тең дәрежеде өнер көрсетіп, спринттік қашықтықтағы үздіктер қатарынан орын алды.

Аяулым Әмренова – фристайл-могул сайысында Қазақстан әйелдер құрамасының ең тәжірибелі спортшыларының бірі. Ол спорттық жолын ерте бастап, жасөспірім кезінен-ақ халықаралық жарыстарда көзге түсті. Көп жылдан бері ұлттық құраманың негізгі мүшесі ретінде әлемдік деңгейдегі турнирлерде ел намысын қорғап келеді.

Осылайша, 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын қысқы спорттағы екі бірдей беделді әрі тәжірибелі спортшы алып шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button