ТЕННИСТРЕНДТЕ

Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті.

Екінші айналымда отандасымыз әлемдік рейтингіде 54-орында тұрған, 33 жастағы Мартон Фучовичпен кездесті. Тартысты алғашқы сет 5:5 есебімен тең өрбігенімен, шешуші сәтте Бублик брейк жасап, партияны 7:5 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Екінші сетте екі ойыншы да брейк алмасты. Бірақ есеп 4:4 болған кезеңде Бублик тағы бір брейкке қол жеткізіп, партияны 6:4 есебімен тәмамдады.

Үшінші сетте Фучович 4:2 есебімен алға шыққанымен, сетке доп берген сәтін пайдалана алмады. Сол мезеттен кейін қазақстандық теннисші қарқынын үдете түсіп, 7:5 есебімен матчты аяқтады.

Екі сағат 14 минутқа созылған кездесуде Бублик 12 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Фучовичтің еншісіне 6 эйс және 2 брейк жазылды.

Келесі кезеңде Бублик әлемнің 62-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button