ТЕННИСТРЕНДТЕ

Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды

Қазақстанның екінші, әлемнің 94-ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды.

Отандасымыз екінші айналымда әлемнің 60-ракеткасы, франциялық Эльза Жакемомен кездесті. Бірінші партияда Путинцева айқын басымдық танытып, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте де ойын тізгінін уысынан шығарған жоқ — 6:2.

Бір сағат 14 минутқа созылған матч барысында Юлия алты брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Қарсыласының еншісінде бір эйс пен бір ғана брейк қалды.

Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемдік рейтингте 112-орында тұрған түркиялық Зейнеп Сонмезбен кездеседі. Сонмез турнир барысында бірнеше сенсациялық жеңіс тіркеп үлгерді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button