
Дубай қаласында жасөспірімдер арасындағы Ten-Pro Global Junior Tour теннис турнирі аяқталды. Жарыста АҚШ, Жапония, Франция және өзге елдерден келген 42 спортшы бақ сынады.
Финалда 14 жастағы қазақстандық Матвей Пономарев Мысыр теннисшісі Мохаммед Басарды 6:0, 6:2 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осы нәтижеден кейін Алматы теннис мектебінің түлегі турнир чемпионы атанды.
Жас спортшының басты мақсаты — әлемдік ITF Juniors рейтингінде ТОП-100-ге кіру. Матвей бұл бағытта шеберлігін жетілдіріп, халықаралық турнирлерге қатысып, рейтингілік ұпай қорын толықтыра бермек.



