ТРЕНДТЕХОККЕЙ

«Торпедо» Континенталды кубокта күміс жүлде иеленді

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы Континенталды кубоктың финалында күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл – клуб тарихындағы ең үздік нәтиже.

Финалдық кезең Англияның Ноттингем қаласында өтті. Қазақстандық команда топтық кезеңде «Хернинг Блю Фокс» (Дания) клубын 6:2 есебімен ұтты, ал Францияның «Дюк Д’Анже» командасымен өткен тартысты ойында овертаймда 2:3 есебімен есе жіберді.

Алтын жүлде үшін өткен шешуші матчта «Торпедо» алаң иелері – «Ноттингем Пантерзбен» ойнап, 2:4 есебімен жеңілді. Турнир қорытындысында өскемендік клуб екінші орынға ие болды.

Бұған дейінгі ең жоғары нәтиже — 2007/08 маусымындағы қола жүлде еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button