ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Қазақстандық телеарналар 2026 жылғы Олимпиаданы тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ел аумағында тікелей эфирде көрсетілетінін хабарлады.

Басты көпсалалы спорттық доданы Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly телеарналары көрсетеді. Олимпиадада барлығы 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасы қазіргі таңда шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау спорт түрлері бойынша жолдама алған.

Ойындардың ашылу салтанаты 6 ақпанда өтеді. Жарыстар 6-22 ақпан аралығында жалғасады. Төрешілік Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button