БОКСТРЕНДТЕ

2026 жылы World Boxing федерациясы өткізетін басты жарыстар жарияланды

Халықаралық World Boxing әуесқой бокс федерациясы 2026 жылға арналған ресми жарыс күнтізбесін таныстырды. Кестеге құрлықтық чемпионаттар, халықаралық турнирлер, жастар додалары және жазғы Азия ойындары енді. Сонымен қатар өткен жылғы формат сақталып, әлем кубогы биыл да бірнеше кезеңнен тұрады және жыл соңында финал Өзбекстанда өтеді.

2026 жылғы негізгі жарыстар:

8–15 наурызWorld Boxing Futures Cup U19, Бангкок (Таиланд)
28 наурыз – 11 сәуірАзия чемпионаты (ерлер/әйелдер), Улан-Батор (Моңғолия)
20–26 сәуірӘлем кубогы, I кезең (ерлер/әйелдер), Фос-ду-Игуасу (Бразилия)
15–20 маусымӘлем кубогы, II кезең (ерлер/әйелдер), Гуйян (Қытай)
23 шілде – 2 тамызДостастық ойындары (ерлер/әйелдер), Глазго (Шотландия)
15–26 қыркүйекЕуропа чемпионаты (ерлер/әйелдер), София (Болгария)
19 қыркүйек – 4 қазанАзия ойындары (ерлер/әйелдер), Айти–Нагоя (Жапония)
10–17 қазанПанамерикалық чемпионат (ерлер/әйелдер), Пуэбла (Мексика)
31 қазан – 13 қарашаЖасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары, Дакар (Сенегал)
25 қараша – 2 желтоқсанӘлем кубогы, финалдық кезең, Ташкент (Өзбекстан)

Осылайша World Boxing биылғы маусымды географиялық тұрғыдан да, жас санаттары тұрғысынан да кеңейтіп отыр. Бұл халықаралық деңгейде бәсекені арттырып, ұлттық құрамалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button