ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы Әлем кубогы: қазақстандықтар финалға шықты

Польшадағы Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезеңі өтті.
Жекелей сында Қазақстан құрамасының өкілі Данил Васильев финалдық кезеңге өтіп, жарысты 24-орынмен аяқтады.
Сонымен қатар отандастарымыз командалық сайыста да бақ сынады. Данил Васильев пен Нұршат Тұрсынжанов жұбы 13-орынға ие болды.



