
Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасында IIA дивизионында өтетін әлем чемпионатына дайындықты жалғастыру мақсатымен Стамбул қаласына аттанды.
Алдағы бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары дивизионға жолдама алу үшін Корея, Латвия, Нидерланд, Жаңа Зеландия және Түркия ұлттық жасөспірімдер құрамаларымен шеберлік байқасады.
Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы матчын 19 қаңтар күні Жаңа Зеландия командасына қарсы өткізеді.



