ТЕННИСТРЕНДТЕ

Australian Open-2026: қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Мельбурн қаласында Australian Open-2026 турнирінің жеребесі тартылды. Жекелей сында бақ сынайтын қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды.

Әйелдер арасындағы жекелей сын:

  • Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда WTA рейтингінде 97-орындағы словениялық Кайя Юванмен кездеседі.

  • 104-орында тұрған Юлия Путинцева әлемнің 58-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасады.

  • 246-сатыдағы Зарина Дияс әлемнің 25-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосаға қарсы кортқа шығады.

Ерлер арасындағы жекелей сын:

  • Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик бастапқы матчында рейтингіде 48-орындағы америкалық Джейсон Бруксбимен ойнайды.

  • ATP рейтингінде 104-орындағы Александр Шевченко іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.

Australian Open-2026 турнирі 18 қаңтарда басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button