
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркияның Анталья қаласында өткен ірі халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті. Бәсеке қорытындысы бойынша отандастарымыз төрт медаль иеленді, оның екеуі — алтын.
67 келіде Бағдат Сабаз, ал 72 келі салмақ дәрежесінде Юсуф Ашрапов қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың жеңімпаздары атанды.
Сонымен қатар 63 келіде Еркебұлан Ардақов және 97 келіде Рахат Бержанов қола медальға қол жеткізді.



