
Өскеменнің “Торпедо” хоккей клубы Халықаралық хоккей федерациясы ұйымдастыратын Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді. Турнир 14 қаңтарда Ұлыбританияның Ноттингем қаласында басталады.
Командалар екі топқа бөлініп, топтық кезеңде бір-бірімен кездеседі. Қазақстандық клуб өз тобында франциялық “Анже Дакс” және даниялық “Хернинг Блю Фокс” командаларымен шеберлік байқасады. Екінші топта — жергілікті “Ноттингем Пантерс”, польшалық ГКС Катовице және латвиялық “Мого”.
Топта бірінші орын алғандар финалда алтын медаль үшін ойнайды. Екінші орын иегерлері күміс медальды, үшінші орын алғандар 5-ші орынды сарапқа салады.
“Торпедо” матчтарының кестесі (Астана уақытымен):
15 қаңтар, 19:30 — “Хернинг Блю Фокс” — “Торпедо”
16 қаңтар, 19:30 — “Торпедо” — “Анже Дакс”
Финалдық кезең:
17 қаңтар, 16:00 — 5-ші орын үшін матч
17 қаңтар, 20:00 — 3-ші орын үшін матч
18 қаңтар, 00:00 — Финал
Өткен маусымда чемпион болған “Арлан” финалдық кезеңге қатысудан бас тартқандықтан, Халықаралық хоккей федерациясы көкшетаулық клубты турнирден шеттетті. Осыған байланысты биыл олардың орнына күміс жүлдегер атанған “Торпедо” қатысу құқығын алды.



