
Анталья қаласында күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир басталды. Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуандары сәтті өнер көрсетті.
72 келіге дейінгі салмақта Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Қазақстандық грек-рим балуандарының қоржынында екі қола медаль да бар.
63 келі салмақта Еркебұлан Ардақов,
ал 97 келіде Рахат Бержанов үшінші орынға ие болды.
Антальядағы турнир маусымның алғашқы маңызды халықаралық старттарының бірі саналады.



