БОКСТРЕНДТЕ

Батыр Жүкембаевтің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев келесі кездесуін өзбекстандық Шохжахон Эргашевке қарсы өткізеді. Жекпе-жек 9 мамыр күні Өзбекстан астанасы Ташкенттегі Хумо Аренада өтеді. Бокс кешін All Stars Entertainment промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.

1991 жылы дүниеге келген Батыр Жүкембаев кәсіби боксты Алматыда бастаған. Жастар арасында Қазақстан чемпионы атанып, студенттер арасындағы ел чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ Қазақстан, Украина және Финляндиядағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған. Кәсіби рингтегі дебютін 2015 жылы жасады.

Қазіргі таңда Батыр Жүкембаев 25 жекпе-жек өткізіп, соның 24-інде жеңіске жеткен. Оның 17-сін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Шохжахон Эргашев те тәжірибелі қарсылас саналады: ол кәсіби рингте 28 кездесу өткізіп, 26 мәрте жеңіске жеткен, оның 23-ін нокаутпен аяқтаған.

Алдағы жекпе-жек екі боксшы үшін де маңызды сынақ болмақ, ал нәтижесі олардың қосымша титулдық мүмкіндіктерге жақындауына ықпал етуі мүмкін деп күтіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button