ТЕННИСТРЕНДТЕ

Анна Данилина Брисбен турнирінің ширек финалына жолдама алды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Жарысқа 2-ші нөмірмен тіркелген отандасымыз сербиялық Александра Круничпен жұптасып, сәтті старт алды. Олар алғашқы айналымда америкалық дуэт София Кенин мен Дезире Кравчиктен басым түсті.

Тартысты өткен бірінші сетте жеңімпаз тай-брейкте анықталды — 7:6 (7:5). Ал екінші партияда Данилина мен Крунич сенімдірек өнер көрсетіп, ойынды тай-брейкке жеткізбей 6:4 есебімен аяқтады.

1,5 сағатқа созылған кездесуде қазақстандық-сербиялық жұп 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Енді Анна Данилина мен Александра Крунич жартылай финалға берілер жолдама үшін ресейліктер Екатерина Александрова және Мирра Андреевамен шеберлік байқасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button