
5–10 қаңтар аралығында Гонконгте өтетін теннистен ATP 250 санатындағы турнирдің жеребесі тартылды. Аталған жарысқа Қазақстанның жетекші теннисшісі, әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Александр Бублик қатысады.
Турнирде екінші нөмірмен тіркелген Бублик жарысты бірден екінші айналымнан бастайды. Бұл кезеңде қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің 77-сатысындағы нидерландылық Ботик ван де Зандсхулп немесе іріктеу сайысының жеңімпаздарының бірімен кездесуі мүмкін.
Гонконгтегі турнирге сондай-ақ әлемдік теннистің танымал өкілдері — италиялық Лоренцо Музетти, ресейлік Андрей Рублев және Карен Хачанов та қатысады.
Александр Бублик үшін бұл турнир 2026 жылғы маусымдағы алғашқы ресми жарыс болмақ.



