ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты: Қазақстан құрамасы анықталды

Қытайдың Бейжің қаласында өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушылар құрамы белгілі болды. Қатысушы елдердің өтінімдері Халықаралық конькишілер одағы (ISU) ресми сайтында жарияланды.
Ерлер арасындағы жекелей сырғанау
Қазақстан атынан Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников өнер көрсетеді. Қосалқы құрамда – Никита Кривошеев пен Артур Смагулов.
Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау
Ел намысын Софья Самоделкина және Амира Ирматова қорғайды.
Мұздағы би
Қазақстан атынан Гаухар Наурызова – Бойсангур Датиев дуэті бақ сынайды.
Айта кетейік, Төрт құрлық чемпионаты 21–25 қаңтар аралығында өтеді.



