ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Дзюдодан Париждегі Grand Slam турнирі: Қазақстан құрамасының алдын ала құрамы белгілі болды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Францияның Париж қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құрамалардың алдын ала тізімін жариялады.

Ресми дерекке сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапына сегіз дзюдошы енгізілген.

Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі:

  • 48 келіге дейінӘбиба Әбужақынова

  • 60 келіге дейінШерзод Давлатов

  • 66 келіге дейінҒұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев

  • 81 келіге дейінАбылайхан Жұбаназар

  • 90 келіге дейінАйдар Арапов

  • 100 келіге дейінНұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

Айта кетейік, Париждегі Grand Slam турнирі 7–8 ақпан күндері өтеді. Бұл жарыс әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайлар беретін IJF World Tour сериясына кіреді және Олимпиада іріктеуіне тікелей әсер етеді.

Турнир басталғанға дейін құрамаларда өзгерістер болуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button