ТРЕНДТЕХОККЕЙ

Хоккей: Қазақстан қыздар құрамасының U18 әлем чемпионатындағы ойын кестесі белгілі болды

2026 жылдың 19–24 қаңтары аралығында Түркияның Стамбул қаласында әйелдер арасында 18 жасқа дейінгілер санаты бойынша IIA дивизионының әлем чемпионаты өтеді.

Бұл турнирде Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның В тобына жолдама алу үшін сынға түседі. Айта кетейік, өткен жылы Мария Федоренко баптайтын команда осы жарыста күміс медаль иеленген болатын.

Қазақстан құрамасының матчтар кестесі (Астана уақытымен):

  • 19 қаңтар, 18:30 — Қазақстан – Жаңа Зеландия

  • 20 қаңтар, 15:00 — Қазақстан – Латвия

  • 22 қаңтар, 22:00 — Қазақстан – Түркия

  • 23 қаңтар, 18:30 — Қазақстан – Нидерланд

  • 25 қаңтар, 18:30 — Қазақстан – Оңтүстік Корея

Ұлттық құраманың бұл жарыстағы басты мақсаты — дивизиондағы орнын жоғарылатып, элиталық топқа жақындай түсу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button