ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Могулшы Анастасия Городко Францияда өткен турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан Францияның Тинь қаласында өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.

Ұлттық құраманың қоржынында жалпы төрт медаль бар — екі алтын және екі қола.

Әйелдер арасындағы жарыста Анастасия Городко екі сайыста да жеңіске жетіп, турнирдің басты жұлдызы атанды.

Сондай-ақ қазақстандық спортшылар Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев қола жүлделерге ие болып, ел құрамасының нәтижесін толықтырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button