ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты: Павлодарда үздіктер анықталды
Павлодар қаласында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыс нәтижесінде жекелей сырғанаудан ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды.
Ерлер арасында чемпион атағын шымкенттік Олег Мельников жеңіп алды — 200,78 ұпай. Екінші орынды астаналық Диас Жиренбаев (195,84), ал үшінші орынды алматылық Никита Кривошеев (191,47) иеленді.
Әйелдер арасында Алматы өкілі Амира Ирматова 145,15 ұпаймен бірінші орынға шықты. Күміс жүлде Зере Сарбалинаға (Астана — 133,97), қола жүлде Нұрия Сүлейменге (Астана — 130,44) бұйырды.
Мұздағы би бағдарламасында Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев жұбы өнер көрсетті.



