ТЕННИСТРЕНДТЕ

Алғаш рет қазақ теннисшісі Майами турнирінің жартылай финалына шықты

АҚШ-тың Майами қаласында 14 жасқа дейінгілер арасындағы беделді Eddie Herr турнирінің жартылай финалистері анықталды. Солардың ішінде алғаш рет қазақстандық теннисші де бар.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, Team Kazakhstan академиясының ойыншысы Ахмади Мақанов қазақстандық жасөспірімдер тарихында алғаш рет осы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда Мақанов жарыстың 4-ракеткасы саналатын қытайлық Ванг Бошиді 6:2, 7:6 (13:11) есебімен ұтты.

Финалға шығу үшін Ахмади венесуэлалық Мехис Игнасиомен кездеседі.

Басқа қазақстандықтар да жақсы өнер көрсетті:

  • Айым Қанағатова іріктеуден өтіп, үшінші айналымға дейін барды.
  • Аңсар Ниетқалиев ширек финалда тартысты матчта жеңіліп қалды.

Eddie Herr — қараша айының соңы мен желтоқсан басында өтетін, жасөспірімдер арасындағы ең ірі турнирлердің бірі. Бәсекелер Ник Боллетьери академиясының корттарында өтіп, жыл сайын 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі ойыншыларды жинайды. Бұл додада Роджер Федерер, Мария Шарапова, Энди Роддик, Анна Курникова сынды жұлдыздар да жас кезінде өнер көрсеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button