
Халықаралық хоккей федерациясы жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобындағы ойын кестесін жариялады.
Турнир 7–13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында өтеді. Элиталық дивизионға жолдама беретін жалғыз орын үшін Қазақстан құрамасы Украина, Франция, Норвегия, Аустрия және Словениямен таласады.
Ойын кестесі:
– 7 желтоқсан, 23:30 — Украина — Қазақстан
– 8 желтоқсан, 23:30 — Қазақстан — Словения
– 10 желтоқсан, 23:30 — Қазақстан — Франция
– 11 желтоқсан, 20:00 — Норвегия — Қазақстан
– 13 желтоқсан, 20:00 — Қазақстан — Аустрия
Қазақстан құрамасының толық құрамы:
Қақпашылар:
Тәңірхан Алпысбаев («Wind City / Tri City Storm», AAA)
Дәулет Қуат («Снежные Барсы»)
Дмитрий Ряшин («Снежные Барсы»)
Қорғаушылар:
Дамир Бритиков («Снежные Барсы»)
Нурислам Зияш («Снежные Барсы»)
Санжар Ибрагим («Снежные Барсы»)
Мстислав Шипилин («Снежные Барсы»)
Мәжит Имашев («Elite Hockey Academy»)
Александр Макаров («Номад»)
Руслан Түсіпбеков («Номад»)
Игнат Шевченко («Номад»)
Дмитрий Рязанов («Горняк»)
Шабуылшылар:
Абзал Әлібек («Philadelphia Rebels», NAHL)
Виталий Божко («Сарыарқа»)
Тимофей Симонов («Сарыарқа»)
Роман Двуреченский («Снежные Барсы»)
Кәрім Қажыбеков («Снежные Барсы»)
Александр Перкин («Снежные Барсы»)
Александр Симахин («Снежные Барсы»)
Корней Корнеев («Victoriaville Tigres», QMJHL)
Тимур Миндубаев («Номад»)
Әлішер Саркенов («Prince Albert Raiders», WHL)
Асанәлі Саркенов («Spokane Chiefs», WHL)
Матвей Умеренков («Ладья», МХЛ)
Семен Черкасов («Красноярские Рыси», МХЛ)
Қазақстан құрамасы элитаға жолдама үшін күресте мықты қарсыластармен кездеседі.



