
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Исламабадта өткен челленджер турнирінде жұптық сында топ жарды. Турнирдің 4-ракеткасы саналған Евсеев чехиялық Доминик Паланмен бірге финалда пәкістандық Айсам-уль-Хак Куреши мен Музаммил Муртаза жұбына қарсы ойнады.
Алғашқы сет тай-брейкке созылып, қазақстандық-чехиялық дуэт 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда Евсеев пен Палан 6:4 нәтижесімен басым болды.
Бір сағат 20 минутқа созылған матчта Евсеев – Палан дуэті 4 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды. Пәкістандық жұптың еншісінде 4 эйс және 6 мүмкіндіктің екеуі жүзеге асқан брейк бар.



