ФУТБОЛ

«Қайсар» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды

Қызылорда облысының «Қайсар» футбол клубын жаңа маусымда Андрей Ферапонтов басқармақ. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады.

Андрей Ферапонтов Премьер-лигада тәжірибелі маман ретінде танымал. Ол бас бапкерлік қызметін «Мақтаарал» клубында бастап, кейін «Оқжетпесте» жалғастырды. Сондай-ақ «Ақтөбе», «Ордабасы», «Қайрат» және беларусьтік «Рух» командаларында бапкерлік штаб құрамында жұмыс істеген. Құрама деңгейінде де тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді.

Үш маусым бойы команданы жаттықтырған Виктор Кумыковтың келісімшарт мерзімі аяқталып, ол клубтағы қызметін аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button