ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ

QAZAQSTAN KOKPAR CUP: республикалық клубтық турнир өз мәресіне жетті

17–22 қараша аралығында өткен көкпардан клубтық командалар арасындағы республикалық турнир Шымкент қалалық ипподромында аяқталды. Финалдық кезең тартысты ойындарға толы болды.

Қола жүлде үшін матчта Аманат-Шу командасы Қазығұрт ұжымын 3:0 есебімен жеңіп, үздік үштікті түйіндеді.

Финалда Меркі-Қант пен Шымкент командалары кездесті. Бір ай бұрын Меркіде өткен турнирдің финалында меркілік команда Шымкентті жеңген болатын, сондықтан ақтық ойынға қызығушылық жоғары болды.

Матч өте қарқынды өтті: Меркі-Қант алғашқы минуттарда қатарынан екі салым жасағанымен, Шымкент есепті теңестірді. Командалар алма-кезек шабуылдап, тартыс күшейе түсті. Екінші таймда Шымкент командасы басымдық алып, кездесу 5:4 есебімен аяқталды.

Турнир қорытындысы:

1. Шымкент – чемпион

2. Меркі-Қант – күміс жүлде

3. Аманат-Шу – қола медаль

4. Қазығұрт – төртінші орын

Жеңімпаздар қаржылай сыйақы және арнайы кубоктармен марапатталды.

Көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров марапаттау рәсімінде клубтық турнирлерді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Турнирдің бас демеушісі: Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры
Ақпараттық серіктестер: Qazsport және 24kz телеарналары

Басқа жаңалықтар

Back to top button