КҮРЕСТРЕНДТЕ

Исламиада-2025: Ислам Евлоев финалда әлем чемпионынан ұтылып, күміс медаль иеленді

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Ислам Евлоев Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді.

87 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық балуан финалға дейін сенімді түрде өтті.

Шешуші кездесуде Евлоев 82 келіге дейінгі салмақтағы биылғы әлем чемпионы, ирандық Голамреза Фарохимен күресті. Ақтық сында ирандық балуан 6:0 есебімен басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Ислам Евлоев Исламиаданы күміс медальмен қорытындылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button