БОКС
Бокстан Әлем кубогы: Санжарәлі Бегалиев қола медаль иегері атанды

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Санжарәлі Бегалиев жүлдегерлер қатарынан көрінді.
80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Бегалиев жартылай финалда ағылшын боксшысы Оладимеджи Шиттумен күш сынасты. Тартысты жекпе-жектің нәтижесінде Санжарәлі қарсыласына есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.



