
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA ұйымының жаңартылған рейтингінде бесінші орынға көтерілді.
Бұған дейін спортшы алтыншы сатыда тұрған болатын. Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінде жеңіске жеткеннен кейін Рыбакина өз мансабындағы ең жоғары нәтижелердің біріне қол жеткізді.
Қазіргі таңда рейтингтің көшін Беларусь өкілі Арина Соболенко бастап тұр. Екінші орында — польшалық Ига Швентек, ал америкалық Коко Гауфф үздік үштікті түйіндейді.



