
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінің финалына жолдама алды.
Жартылай финалда Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кездесті.
Алғашқы сет қарсыласының еншісіне жазылды. Алайда кейін қазақстандық спортшы екі сетте де басым түсіп, матчты 4:6, 6:4, 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Финалдағы қарсыласы кейін анықталады.



